Алматыда кафедегі жарылыстан 18 адам зардап шекті

18 Қыркүйек 2014, 09:01
0
Алматыда кафедегі жарылыстан 18 адам зардап шекті - Tengrinews.kz©
Tengrinews.kz©
Алматыда кафедегі жарылыстан 18 адам зардап шекті - Tengrinews.kz©
Tengrinews.kz©
Алматыда кафедегі жарылыстан 18 адам зардап шекті - Tengrinews.kz©
Tengrinews.kz©

Алматыда Мақатаев көшесіндегі "Партнер" бизнес-орталығында орналасқан "Керемет" кафесінде жарылыс болып, 18 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өртсөндіру қызметі жетекшісінің орынбасары Олег Мессершмидттің айтуынша, зардап шеккендер арасында кафе қонақтары мен қызметкерлері және кафенің жанынан өтіп бара жатқан адамдар бар. Зардап шеккендер №2, 4, 7 емханаларға және облыстық ауруханаға жатқызылды.

Кафедегі жарылыс сағат 21.52-де болды. Оқиға орнына өртсөндіру қызметі - жеке құрамның төрт машинасы мен 32 қызметкері келді. Алдын ала мәлімет бойынша, кафенің асханасында газ баллоны жарылған. Куәгерлердің айтуынша, кафе қызметкерлері газ иісін сезініп, келушілерге сыртқы шығуды өтінген. Адамдар көшеге шығуға ұмтылған кезде жарылыс болды.

Ғимараттың газға қосылмағаны белгілі болып отыр, дәмханада өрт қауіпсіздігі талаптары тексерілген. Алматыда кафеде болған жарылыстың себептері анықталып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай