Алматыда қарулы "жиһадқа" үндеген бір топ адам ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда тәртіпсіздік жасауды жоспарлаған бір топ адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тәртіпсіздік жасауды жоспарлаған бір топ адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

Оның мәліметінше, ҚР ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігі ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

"Топ лидері А.Жұмағұловқа, О.Өміровке және К.Әбішевке қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу нұсқасы бойынша, олар тіркелмеген қоғамдық ұйым аясында Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзып, халықты үркіткісі келген, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының жұмысына қастық жасағысы келген. Күдіктілер осы жоспарын іске асыру үшін насихат материалдарын, қарулы "жиһадқа" видеоүндеулер дайындаған", - деді Әзірбек. 

"Мұнымен қатар, олар осы әрекеті үшін жауапкершіліктен жалтару үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорқытып, үркіту (аноним қоңырау шалу, оларды және отбасын өлтіремін деп қорқыту видеожазбалары) бойынша акциялар жасауды жоспарлаған", - деп хабарлады ІІД өкілі.

Аноним видеоүндеулерде ұсталғандар бетперде, діни-экстремистік "Хизб-ут-Тахрир" партиясының (Қазақстанда тыйым салынған) белгілері мен қару қолданған. Олар өздері насихаттаған идеяны қолдау үшін заңға қайшы жаппай әрекеттер жасауға шақырған. Күдіктілер жақтастарын іздеген. Бұл ролик және электронды тасымалдаушылар мен діни әдебиет тәркіленіпті. Оларға сараптама жүргізіледі.

"Қазіргі нұсқа бойынша, бұл топ шетелде қашып жүрген қылмыстық элементтерінің тапсырысы бойынша әрекет еткен. Қазіргі уақытта олар Алматы қалалық ІІД-нің тергеу изоляторына қамалды. Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзіміне бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр", - деді ІІД өкілі.

Айтуынша, бұл топ мүшелерінің бірі мұның алдында кісі өлтіргені үшін сотты болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer