Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен барған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен барған Фото:depositphotos.com

Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барып, шабуыл жасауды жоспарлаған. Мұндай тапсырманы оған әлеуметтік желілердегі белгісіз біреулер берген көрінеді. Полиция қызметкерлері шабуылдың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барып, шабуыл жасауды жоспарлаған. Мұндай тапсырманы оған әлеуметтік желілердегі белгісіз біреулер берген көрінеді. Полиция қызметкерлері шабуылдың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Tengrinews.kz редакциясына оқушылардың ата-аналары хабарласты. Олардың мәліметінше, қаладағы мектептердің бірінде оқитын, шамамен 6-сынып оқушысы білім ордасына балта алып барған.

"Ауданымыздағы мектептердің бірінде алтыншы сынып оқушысы мектепке балта алып келді. Барлық ата-анадан балаларының Telegram-дағы чаттарын тексеруді сұраймыз, өйткені ол қыз белгілі бір чатқа мүше болып, сол жақтан осындай тапсырма алған", - деп жазды ата-аналар.

Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Кәмелетке толмаған бала әлеуметтік желі арқылы алған нұсқаулардың ықпалымен құқыққа қайшы әрекеттер жасауды жоспарлағаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің дер кезінде қабылдаған шараларының арқасында заңсыз әрекетке жол берілмеді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ведомство аталған факт бойынша Жетісу аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын қосып өтті.

"Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жасөспірімді құқыққа қайшы әрекетке тартуы мүмкін тұлғалар анықталып жатыр", - деді полиция өкілдері.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдеріне қатысты тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.86   542.27   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер