29 желтоқсан 2021 10:15

Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған тәрбиешінің артында бес баласы қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соқты дегеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған тәрбиешінің артына бес баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.


Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соқты дегеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған тәрбиешінің артына бес баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 42 жастағы келіншектің артында жұбайы мен бес баласы қалған. Марқұмның көршілері бұл жағдайға әлі де сене алмайды. Олардың айтуынша, бұрын-соңды көршісінің теріс қылығын байқамаған, отбасында да жанжал болғанын естімеген.

"Жақсы отбасы, бес баласы бар. Үлкен қызынан немересі бар. Кішкентайы - 3-тен асқан бала. Көшіп келгендеріне 2-3 жылдай болды", - деді көршісі.

Алматы қалалық ПД осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Алматы қалалық ПД 1979 жылы туған Б. есімді азаматтың өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Қазір Жетісу аудандық Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі.

Бұған дейін Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырғаны хабарланған еді. Осы оқиғадан соң тәрбиеші бап бойынша жұмыстан шығарылғаны айтылды. Кейін Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соқты деген тәрбиеші өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растады. Құқық қорғау органдары әйелдің асылып қалғанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети