23 сәуір 2024 | 16:07

Алматыда патрульдік полиция көлігі мопедті қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда патрульдік полиция көлігі мопедті қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда патрульдік полиция көлігі мопедті қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео телеграм-арнада жарияланды. Видеода патруль көлігі солға бұрылып, маневр жасау кезінде автобус жолағында келе жатқан мопедистті қағып кеткен.

Полиция департаменті бұл жол-көлік оқиғасы Алматының Жетісу ауданында болғанын хабарлады.

"Патрульдік полиция экипажы шұғыл шақыруға бара жатқанда, қатаң түрде белгіленген ережелерге сәйкес бұрылу маневрін жасады. Бұл ретте жарық-сигналды қондырығысы қосылған. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне басымдық берді. Алайда, қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүріп келе жатқан мопед жүргізушісі Заңның талаптарын елемей, патрульдік машинамен соқтығысуға жол берді. Ол медициналық көмектен бас тартты", - деп хабарлады полиция.

Жол-көлік оқиғасы дерегі тіркелді. Chevrolet патрульдік көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Өндірістік материалдар сотқа жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети