15 қыркүйек 2020 14:57

Алматыда полицей шырт ұйқыда жатқан адамды өрттен құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда полиция қызметкері шырт ұйқыда жатқан адамды өрттен құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Алматыда полиция қызметкері шырт ұйқыда жатқан адамды өрттен құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшысы қонақ үйден өрт шыққанын көрген. Ол құтқарушыларды күтпестен жанып жатқан ғимаратқа кіріп, шырт ұйқыда жатқан адамды алып шыққан.

Өрт Алатау ауданы Шоссейная көшесіндегі қонақүй кешенінен шыққан.

"Кеше сағат 22.30 шамасында қызметкерлерім маған қоңырау шалып, өрт дабылы іске қосылғанын айтты. Мен жұмысқа келіп, өрт сөндіру қызметін шақырдым. Оларға алғысымды айтқым келеді. Кеше осында жігіт жүрген еді. Ол өз өмірін қатерге тігіп, ұйықтап жатқан жас жігітті құтқарды. Кейін оның Алатау ауданының полиция қызметкері екені белгілі болды", - дейді қонақ үй кешенінің қожайыны.

Жігітті өрттен Алатау ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Жансерік Мыңжасаров құтқарыпты. Ол бұл уақытта кезекшілікте болып, Шаңырақ шағынауданына қарай бара жатқан.

"Мен Солтүстік айналым көшесінің оңтүстік бағытында жүріп бара жаттым. Қонақүйден түтін шығып жатқанын көрдім. Көлікті тоқтатып, бірден сол жаққа қарай жүгірдім. Ғимараттың алдында шамамен 10 адам болды. Әкімшіден "ғимаратта адамдар қалды ма?" деп сұрадым. Ол 108-нөмірде ер адам барын, оның ұйықтап жатқанын айтты. Есікті бұзуға тура келді. Ер адамды далаға алып шықтым", - дейді полиция қызметкері.

Ер адам Алматыға жұмыс барысымен келгенін, жолда қатты шаршағанын айтты. Ол қонақүйдегі бөлмеге кірген соң ұйықтап қалған екен.

"Өрт болғанын енді білдім. Есігімді қағыпты, мен естіген жоқпын. Кейін ер адам есікті бұзып, мені өрттен алып шықты", - дейді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети