Алматыда пышақ ұстап, көшеде жалаңаш жүрген шетелдік тұрғындарды шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда пышақ ұстап, көшеде жалаңаш жүрген шетелдік тұрғындарды шошытты Бейнеден алынған кадр

27 сәуірде Алматы тұрғындары тосын оқиғаға куә болды: Бұқар жырау көшесі бойында қолына пышақ ұстаған жартылай жалаңаш ер адам жүрген. Оқиға орнына жеткен полицейлер мән-жайды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде кіреберістегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған видео жарияланды. Бейнежазбада іш киіммен көшеде жүрген ер адам көрінеді. Оның қолында пышаққа ұқсас зат болған. Маңайдағы үйлердің тұрғындары полиция жасағын шақыртқан.

Полиция не дейді?

Алматы Полиция департаменті тәртіп бұзушының анықталып, ұсталғанын хабарлады.

"Бұл – 1990 жылы туған шетел азаматы. Ұстау кезінде өзін оғаш ұстап, іс-әрекетіне қатысты мардымды түсініктеме бере алмады. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзу деректері де анықталды", - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта ер адам қабылдау-бөлу орнына қамалған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.77   539.58   6.16 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер