1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда сауда орталығында адамдар эвакуацияланып жатыр

Алматыда Сәтбаев көшесінде орналасқан ADK ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел қызмет өкілдері онда жарылғыш зат бар деген хабарлама алған соң тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Видео Instagram желісіндегі kris_p_Almaty парақшасында жарияланды. Видео кадрларынан сауда орталығының маңында жиналған бір топ адамды көруге болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Идёт эвакуация трц АДК, подробности уточняются... актуально на 16:25

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Алматы қалалық полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді.

"Сауда орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Қазіргі уақытта қаланың шұғыл әрекет ету қызметі сауда орталығында тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Қаланың барлық шұғыл қызметі жұмылды. Осы орталықтың келушілері мен қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшірілді. Патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарын тасымалдаумен айналысады", - деп хабарлады Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!