05 шілде 2022 09:04

Алматыда саябақта төбелес шығарған екі әйел жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram/@krisp_almaty Фото: Instagram/@krisp_almaty

Алматыда Тұңғыш Президент саябағы маңында төбелес шығарған екі әйел жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Тұңғыш Президент саябағы маңында төбелес шығарған екі әйел жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Тұңғыш Президент атындағы саябақ маңында екі әйелдің төбелескен видеосы тарап кетті. Желі қолданушыларының айтуынша, олар бұл ауданда жиі төбелес шығаратын көрінеді.

"Олар адамдарды балағаттап отырады. Қыз жүгері сатып жүрген, оны қуып жіберді. Ол жерден барлық бәсекелесін қуып жібереді. Ол тұраққа қарай кеткен еді, сол жерден тауып алып, шабуыл жасады. Қызды басқалары қорғамақ болған еді, оларға да шабуылдады. Бәрі видеода бар", - делінген Instagram жазбда.

Кейін Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов видеоға қатысты пікір білдірді. Ол әйелдер ұсталғанын айтты.

"Тексеруді аяқтадық, оның қорытындысы бойынша құқықбұзушылар – 1968 жылы 18 қарашада туған азамат С. және 1975 жылы 20 ақпанда туған С. ӘҚБтК-нің 434-бабында ("Ұсақ бұзақылық") көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапқа тартылды, - деп түсіндірді ол Instagram-да.

Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 434-бабы санкциясында 5 АЕК – 15 мың теңгеден сәл жоғары айыппұл немесе он тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети