Алматыда су құбырында апат болды

10 Ақпан 2015, 13:56
0
Алматыда су құбырында апат болды - ©Әлішер Ахметов
©Әлішер Ахметов
Алматыда су құбырында апат болды - ©Әлішер Ахметов
©Әлішер Ахметов
Алматыда су құбырында апат болды - ©Куәгерлер түсіріп алған фото
©Куәгерлер түсіріп алған фото
Алматыда су құбырында апат болды - ©Куәгерлер түсіріп алған фото
©Куәгерлер түсіріп алған фото
Алматыда су құбырында апат болды - ©Facebook.com/Никита Ермолаев
©Facebook.com/Никита Ермолаев

Алматыда Райымбек даңғылы мен Наурызбай көшесінің қиылысында ыстық су жүретін құбыр жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. 

Апат орнына қаланың коммуналдық қызмет өкілдері мен полиция қызметкерлері келді. Құбырдың жарылуынан жол опырылды. Қазіргі уақытта коммуналдық қызмет өкілдері шұңқырдан суды сүзіп алумен айналысып жатыр. Даңғыл мен көшенің бойында су басқандықтан кептеліс пайда болды.

Куәгерлердің айтуынша, апат салдарынан пайда болған шұңқырға екі автокөлік түсіп кетті. Бір көліктің жүргізушісі шұңқырдан өз бетімен шықса, екінші Mazda көлігінің жүргізушісінің денесі күйіп қалып, ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер апаттың сағат 11.30 шамасында болғанын хабарлады. Оның салдарынан ыстық су жол мен жаяу жүргінші жолын басты.

"Алматы жылу желілері" ЖШС бас инженерінің міндетін атқарушы Қайрат Шағаевтың хабарлауынша, құбыр апаты 11.30-да болды. "ГМ4А магистралі бойынша су жеткізетін құбыр тесілді. Бұл магистраль 1980 жылдан бері қолданыста. Эксплуатациялық ресурсын атқарып бітті. Көппәтерлі төрт бірдей тұрғын үйде су жоқ, өзге 10 тұтынушы, бір мектеп және екі білім беру мекемесі судан ажыратылды", - деді ол. Сонымен қатар, Шағаев Mazda көлігінің жүргізушісі ауруханаға түсті делінген ақпаратты растады. Оның айтуынша, ер адам автокөлігін шұңқырдан алып шықпақ болған кезде аяғын күйдіріп алған. Сонымен қатар, Шағаев апаттың салдарын 11 ақпанда сағат 01.00-ге дейін жою жоспарланып отырғанын атап өтті.


Еске сала кетейік, бұл Алматыда болып отырған бірінші жағдай емес. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында да су құбыры жарылған еді. әл-Фараби даңғылының бойынша, "Нұрлы Тау" тұрғын үй кешенінің ауданын су басқан болатын. Су құбыры таңғы 7.30-да тесілді. Кейін тұрғын үй кешеніне суық су беретін құбырдың арматурасы тесілгені белгілі болды. Апат салдарынан Фурманов - Ганди - Желтоқсан, әл-Фараби көшелерінің шаршысындағы тұрғын үйлер уақытша сусыз қалды. Даңғылды су басқандықтан көлік кептелісі қалыптасты.

Алматы қаласында шілде айында да ыстық су құбыры жарылды. Төтенше оқиға Төле би көшесінің бойынша, Өтеген батыр көшесінің шығыс шағында болды. Ол кезде жоспарлы гидравликалық сынақтар болып жатқан еді. Бұдан кейін көлік жүретін жолды су басып қалды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай