Алматыда төтенше жағдайға байланысты шамамен 50 троллейбус жолда тұрып қалған

21 Қараша 2016, 17:35
0
Алматыда төтенше жағдайға байланысты шамамен 50 троллейбус жолда тұрып қалған - Куәгерлер жолдаған сурет
Куәгерлер жолдаған сурет

Алматыда электр желісінде болған апаттың салдарынан көшелердің бірінде шамамен 50 троллейбус тұрып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Green Bus Сompany директоры Бауыржан Құлышевқа сілтеме жасап.

Компания басшысының айтуынша, төтенше жағдай шамамен сағат 14.00-де Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. Бауыржан Құлышевтың айтуынша, байланыс желісіндегі троллейбусты бір жолдан екінші жолға салып жіберетін тетік бұзылған. Мамандар оқиға орнында үш сағаттай болған. Ал сағат 17.00-ге қарай троллейбустар маршруттарына сәйкес жұмысын жалғастырды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай