29 сәуір 2021 12:31

Алматыда ыстық су құбыры жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы шағын аудандардың бірінде көп қабатты тұрғын үйлер ортасындағы құбыр жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы шағын аудандардың бірінде көп қабатты тұрғын үйлер ортасындағы құбыр жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Жетісу-2 шағын ауданында болған. Бірінші рет жылу трассасы 27 сәуірде түстен кейін жарылған. Куәгерлер оқиға болған жерге жақын маңдағы жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Кадрлардан аула ішінде лас су қалай ағып жатқанын көруге болады. Жазба авторлары тұрақтағы көлік иелерінен төтенше жағдайдың алдын алу үшін көліктерін алып тастауды сұраған.

Келесі күні ыстық су желісі Жетісу-3 шағын ауданында жарылған. Бұл жолы оқиға көп қабатты үйлер маңында болған. Оқиға болған жерден түсірілген вдидеолар әлеуметтік желілерде жарияланды. Куәгерлер жер астынан атқылап жатқан суды түсіріп алаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

"Бригада бір сағат ішінде жылу жүйесіндегі ақауды жойды. Жылу трассасы тұрғын үйлерінің бірінің ауласынан өтеді. Зардап шеккендер жоқ", - деді "АлТС" компания өкілі.

Апаттың себебі жылу тарату желісінің тозуынан болған. Ол 1998 жылы пайдалануға берілген екен. Мұндай құбырлар 25 жыл қызмет етуге арналған.  

Бүгінде Алматыда жылу желілерінің 62,4 пайызы тозған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети