Алматыдағы 12 қабатты үйдегі өрт: Бүлінген пәтердің видеосы пайда болды

26 Маусым 2017, 15:30
0
Алматыдағы 12 қабатты үйдегі өрт: Бүлінген пәтердің видеосы пайда болды -

Бүгін, 26 маусымда Алматыдағы "Самал" ықшамауданында орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы екі бөлмелі пәтер толықтай өртеніп кеткен. Пәтер иесі Сәуле Жашыбаева өрттің төменгі қабаттың балконында шыққанын және ол пәтердің тәулікпен жалға берілетінін айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

53 жастағы әйелдің айтуынша, өрт болған кезде ол үйде болмаған. Сағат 8.15-те анасына көмектесуге кеткен, ал сағат 9.00-де оған тұрғындар қоңырау соғып, 7-қабаттағы пәтерінің өртеніп жатқанын хабарлаған.

"Көрші әйел 6-қабаттағы пәтерін тәулікпен жалға береді, ал өзі 4-қабатта тұрады. Менің пәтерім толықтай өртеніп кетті, ал төменгі қабаттағы пәтердің тек балконы өртенген. Металл есігіміз де өртеніп кеткен. Қымбат техникаларым бүлінді, Samsung салқындатқышы жарылып кеткен", - дейді Жашыбаева. Ол бұл үйде 25 жыл тұрып жатыр екен.

Сәуленің туған әпкесі Шұғыла Жашыбаева 53 шаршы метр пәтердің өртенгенін айтып өтті. Оның айтуынша, жаңалықтарда өрттің 16 шаршы метр аумақты қамтығанын айтқан. Сәуле Жашыбаева ол пәтерде өзінің сегіз жастағы ұлымен бірге тұрған екен.

"Біз өтемақы алуға тырысамыз. Қазір келтірілген шығынды бағалайтын комиссия құрамыз. Олар шығынды өтеп береді деген сенімдеміз. Керек болса сот органдары арқылы шығамыз", - деді Шұғыла Жашыбаева.

Сондай-ақ, ол әпкесінің және жиенінің әзірше туыстарында тұратынын айтты.

"Біз оны далада қалдырмаймыз. Тұратын үй береміз. Комиссия шығынды анықтамай тұрып, пәтерді қайта қалпына келтірмейміз", - деді Сәуле Жашыбаеваның әпкесі.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Самал" ықшамауданында орналасқан көпқабатты үйден өрт шыққаны жайлы хабарланған болатын. "Медеу ауданы, "Самал-1" ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, №23 үй. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 12 қабатты үйдің 6-шы қабатында болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнында. Адамдар эвакуацияланып жатыр", - деген еді Алматы қалалық ТЖД өкілдері.


Куәгерлер жолдаған видео.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай