27 қараша 2023 12:14

Алматыдағы 7 жасар қыздың өлімі: қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматыда 7 жасар Карина Закураеваның өліміне қатысты басты сот отырысы басталды. Айыпталушы - қайтыс болған баланың өгей анасы, қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 7 жасар Карина Закураеваның өліміне қатысты басты сот отырысы басталды. Айыпталушы - қайтыс болған баланың өгей анасы, қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Істі судья Ерлан Болатов қарап жатыр.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, күдікті ретінде 47 жастағы Балжан Тұрлыбек танылды. Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, оның белгілі қоғам белсендісі екені белгілі болды.

Айыпталушы (көк түсті күрте киген). Фото: Tengrinews.kz

Мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, өгей шешесі қыздың 33 жастағы әкесімен былтыр шілдеде танысқан. Осыдан кейін олар әйелдің үйінде бірге тұруды ұйғарған. Жыл аяғына қарай ер адам үйге бұрын әжесі Елена Закураеваның қолында тәрбиеленген қызын әкеледі.

Қыз биыл шілдеде қайтыс болды.

"Қыз алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Сотталушы қылмыстың ізін жасыру үшін марқұмның әкесіне телефон соққан", - деп айыптау актісін оқыды прокурор Данияр Тағаев.

Айта кетейік, Балжан Тұрлыбек өз кінәсін мойындамады.

Сотта марқұмның әжесі де куәлік етті. Ол қызды жеті жыл тәрбиелегенін айтты.

"Оның әкесі қызды биыл алып кеткен. Олар оны жүйелі түрде ұрып-соққан", - дейді Елена Закураева.

Еске салайық, жеті жасар қызды өлтіру оқиғасы шілдеде белгілі болды. Қыздың туыстарының айтуынша, өлтіруге баланың бұтына жіберіп қойғаны себеп болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети