Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz© Фото: Massaget.kz©

Дәрігерлер Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға салдарынан тоғыз адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға тексерілу үшін жеткізілді.

"Барлық қажетті медициналық тексерулерден кейін екі науқас политравматология бөліміне жатқызылды, оның ішінде жансақтау бөліміндегі науқас та. Екеуінің де жағдайы тұрақты және ауыр", - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалған науқастар барлық қажетті медициналық тексерулерден кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді.

№137 автобустағы жолаушылардың бірінің айтуынша, оқиға автобус Шаляпин көшесінен Әшімовке қарай бұрылған жерде болған.

"Автобус тоқтайын деп тұрғанда алдынан КамАЗ шығып қалған болуы керек. естуім бойынша, автобустың тежегіші істемей қалған. Сондықтан жүргізуші оңға бұрып жіберіп үйге соғылған. Автобустағылар бірден алға қарай құладық. Мен басымды қатты ұрып алдым. Әйнек сынықтары жаңбырша төгіліп кетті. Алдында тұрғандар қатты зардап шекті. Үлкен кісінің аяғы сынды. Көп адамның үстін терезе жырып кетті. Бір баланың қолын терезе толық жырып кеткен. Бәрімізді алып кетті", - дейді Massaget.kz-ке сұхбат берген куәгер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.07  course up  617.81  course up  6.81  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer