06 қыркүйек 2015 | 14:02

Алматыдағы Наурызбай ауданында лай көшкіні жүрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Наурызбай ауданындағы "Алма" бақ қоғамында лай көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 2015 жылдың 6 қыркүйегінде таңғы 8:29-да болды. Бақ учаскесіндегі топырақтың суарудан шамадан тыс ылғалданғаны хабарланып отыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Наурызбай ауданындағы "Алма" бақ қоғамында лай көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 2015 жылдың 6 қыркүйегінде таңғы 8:29-да болды. Бақ учаскесіндегі топырақтың суарудан шамадан тыс ылғалданғаны хабарланып отыр. 

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, лай көшкінінің жүруінің салдарын "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі жойды. "Қазіргі уақытта жол қалпына келтірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлалы баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Айта кетейік, төтенше жағдай болған жерде еріктілер жұмыс істеді. Кейін еріктілердің бірыңғай штабы құрылды. Апаттың салдарын жою үшін күніне 200-ге жуық ерікті жұмыс істеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети