10 мамыр 2016 08:48

Алматыдағы өрт: 7 адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Юбилейный" супермаркетінен шыққан өртті сөндіру кезінде жеті адам құтқарылды, 120 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Алматыдағы "Юбилейный" супермаркетінен шыққан өртті сөндіру кезінде жеті адам құтқарылды, 120 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Өрт туралы хабар диспетчер пультіне 10 мамырда 04.37-де түскен. Бірінші бөлімше жеті минут өткенде, 04.44-те жеткен. "Корова бар" кафесінен өрт шығып, жеті қабатты үйдің сыртқы беті мен "Юбилейный" дүкеніне таралған. Өртті сөндіруге тартылған күш жағдай барысында көбейді. Өртті сөндірумен қатар үйдің келесі бетінен адамдарды қауіп төніп тұрған кіреберістерінен шығару жұмыстары жүргізілген. "Өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылды, бұл өртсөндірушілердің басын қатерге байлайтын жағдай. Абырой болғанда, ешкім қаза таппады, ешкім зардап шекпеді", - деп хабарлады Иманқұлов.

Ғимараттың сыртқы бетіндегі өртті сөндіруге лафет дүмбісі бар бүгілмелі көтеру құралы қолданылды. Ал тұрғындар жылжымалы саты арқылы жоғарғы қабаттардан түсірілді. Жалпы жеті адам құтқарылды, 120 адам эвакуацияланды. Бір адам ыс тиген деген болжаммен ауруханаға жеткізілді. 

Өрт 05.52-де тоқтатылып, 06.36-да толықтай сөндірілді. Жалын 1100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 115 адамы тартылып, 21 дана техника қолданылды, сонымен қатар жергілікті полиция, жедел жәрдем, водоканал қызметі мен энергетик мамандар тартылды. Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети