Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматыдан 187 шақырымда жер сілкінісі болды

01 Наурыз 2015, 10:45
0
Тengrinews.kz мұрағатынан
Тengrinews.kz мұрағатынан

Алматыдан 187 шақырымда магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мекемесіне сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі 1 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 00.09-да тіркелген. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 187 шақырымнан - Қырғызстан аумағынан анықталды. 

Тербеліс 9,8 деген энергетикалық класқа жатқызылып отыр. Жерасты дүмпулерінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдан 93 шақырымда магнитудасы 3,9-ға тең жер сілкінісінің болғаны хабарланған еді. Жер сілкінісі 22 ақпан күні Қырғызстан аумағында Астана уақыты бойынша сағат 08.44-те тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 93 шақырым жерде болды. Дүмпулердің энергетикалық класы - 8,5. Жерасты дүмпулерінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жайлы мәлімет жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай