1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматылық әйел басына мұз түсіп мерт болды 20 қараша 2018, 14:44

Әйел адамның үстіне мұз құлап, соның салдарынан мерт болды. Бұл туралы мәліметті Алматы полиция департаментінің өкілдері растады, - деп хабарлайды
Куәгер суреті Куәгер суреті

Әйел адамның үстіне мұз құлап, соның салдарынан мерт болды. Бұл туралы мәліметті Алматы полиция департаментінің өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Оқиға Астана уақыты бойынша шамамен 13:30-да Марков көшесінің  бойындағы кеңсенің алдында болған. 

"Оқиға жазатайым оқиға ретінде қарастырылып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Алматы полициясының өкілдері.

Полицейлер марқұмның кім екенін анықтады. Ол Бостандық ауданынының 1958 жылғы тұрғыны болып шықты.