05 тамыз 2021 16:21

Алматылықтар қалада егеуқұйрық қаптағанына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар қалада егеуқұйрық көбейіп кеткеніне шағымданды. Куәгерлердің айтуынша, қаланың бірнеше бөлігінде кеміргіштер көбейіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтар қалада егеуқұйрық көбейіп кеткеніне шағымданды. Куәгерлердің айтуынша, қаланың бірнеше бөлігінде кеміргіштер көбейіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кris.p.almaty.official тобы Медеу ауданындағы Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Жетісу-1 ықшамауданындағы арықтарда егеуқұйрықтар жүргенін түсірген бірнеше видео жариялады. Басылым авторларының айтуынша, егеуқұйрықтар қаланың біраз жерінде жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Кеміргіштермен күреске жауапты Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы мердігер Amanat Cleaning ЖШС дератизация жұмыстарының бірінші бөлігін аяқтағанын хабарлады. Қала бойынша егеуқұйрықтарға қарсы өңдеудің екінші кезеңі қыркүйекте басталып, биыл 30 қарашаға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, басқарма тұрғындардың егеуқұйрықты жоюға байланысты жеке өтініштерін Open Almaty порталында немесе басқарманың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында қарайды. Мұндай өтінімдер бойынша мобильді бригадалар тағайындалған.

Басқарма Жетісу-1 шағын ауданы мен Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы шағымдар туралы білетіндерін мәлімдеді. Мердігерлерге бұл аумақтарды 12 тамызға дейін қарау тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети