Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Алматылықтар терактіде қаза тапқандар рухына аза тұтуда

19 Шілде 2016, 12:56
0
© Василина Атоянц
© Василина Атоянц

Алматы тұрғындары таңертеңнен бері кешегі болған атыстан қаза тапқан жерге гүл шоқтарын әкелуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Негізінен көпшілігі метро станциясының маңына, Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының алдына алып келуде. Онда 48 жастағы, екі ер адам қаза тапқан, олар: бұрыңғы ІІМ қызметкері зейнеткер подполковник Ғани Нуриманов және 23 жастағы ҚР ҰҚК Шекара күзеті қызметшісі Азамат Әзімханов.

Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің (ҰҚКД) ғимаратына қарама-қарсы жерде ІІД ЖПҚ кіші сержанты 25 жастағы Мақсат Сәлімбаев қаза тапқан болатын. Ол жерде де портрет орналастырып, қалалықтар гүл шоқтарын қоюда.

Қалалықтар Алмалы аудандық ІІБ-ге да келіп аза тұтуда, таңертеңнен бері гүл шоқтарын қойып, шырақ жағып және де көңіл айту сөздерін жазуда.


© Василина Атоянц

Гүл шоқтарын қоюға және еске алу үшін Абылай хан даңғылы мен Төле би көшелерінің қиылысында орналасқан Алматы қалалық МКД-нің жанына келіп жатыр. Онда 28 жастағы Нұрмаханбетов Бауыржан Мәлікұлы - ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы және Ғалиев Аян Ерболғанұлы - полиция старшинасы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясының 2-ші батальонының полицейі қаза тапқан болатын.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері, бір шекарашы және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сонымен қатар, Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланып, кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында кеше Алматыда болған атысты теракт деп атаған болатын.

Алматыда болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көптеген қауесет таралды. Мысалы "Жұлдыз" ықшамауданында және Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген ақпараттар расталмады. Осы орайда, Президент дүрбелең туғызатын қауесеттердің жолын кесіп, арандатушыларды анықтауды тапсырды.

Сондай-ақ, алматылық атқыштың терактіге дейін адам өлтіргендігі анықталды. ІІМ басшысының айтуынша, күдікті жезөкшені өлтірген. Бұрындары екі рет сотталған 1990 жылғы Руслан Күлікбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен кек алғысы келген. 

Терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден берілетін болды. Алматыда болған антитеррористік операцияның хронологиясын мына жерден оқи аласыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай