18 шілде 2016 19:12

Президент дүрбелең туғызатын қауесеттердің жолын кесіп, арандатушыларды анықтауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Президент дүрбелең туғызатын қауесеттердің жолын кесіп, арандатушыларды анықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматыда болып жатқан жағдайларға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп жатыр.


Президент дүрбелең туғызатын қауесеттердің жолын кесіп, арандатушыларды анықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматыда болып жатқан жағдайларға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп жатыр.

"Қазір құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр, қаскүнемдердің кім және қандай мақсат көздегенін анықтауда. Жұрт көп жиналатын орындарды қорғап, жараланғандарға медициналық көмек көрсету жөнінде жедел шаралар қабылдау керек. Қылмыскерлерді анықтау үшін шұғыл түрде толық тергеу жүргізу қажет. Сондай-ақ Алматы тұрғындарына тұрақты түрде мәлімет беріп, жалпы қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету керек. Қауесет таратушылардың аяусыз түрде жолын кесіп, арандатушыларды анықтау маңызды. Алматыдағы және республикадағы барлық азаматтар тәртіпті ретке келтіру үшін ең қатаң шаралар қабылданып жатқанына сенімді болуға тиіс", - деді Президент Қауіпсіздік кеңесі жиынында.

Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министірлігінің басшысына оқиға орнына баруды және де Алматы әкімімен бірлесе отырып, қаладағы жағдайды тұрақтандыруды тапсырды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ақпарат және коммуникация министіріне өз уақытында ақпараттандырып отыруды тапсырды.

Айта кетейік, Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД жасалғаншабуыл жасалды, қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 7 полицей жатыр. Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланған. 

Куәгер 18 шілдеде видеотіркеу камерасына жазылған видеоны жолдады. Алматыда болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желеілермен мессенджерлер арқылы көптеген қауесеттр таралуда. Мысалы "Жұлдыз" ықшамауданында және Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген ақпараттар расталмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети