06 маусым 2023 15:34

Алты көлік өртенген. Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы мәлімет пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Елордалық өртсөндірушілер "Кристалл" тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.


Елордалық өртсөндірушілер "Кристалл" тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

"Кристалл" ТҮК тұрағында шамамен 100 шаршы метр алаңда алты көлік және қойма үй-жайлары өртенді. Өрт кезіндегі қызудың әсерінен тағы 4 көлік зақымданған. Өрт сағат 14.33-те оқшауланды, елордалық өртсөндірушілердің күшімен барлығы 17 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала", - делінген хабарламада.

Өрт орнынан №1 КҚА-ға "103" бригадасы 1969 жылы туған әйелді жеткізген және ол "орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен улану" диагнозымен ауруханаға жатқызылғаны айтылды.

"Сағат 15.02-де елордалық ТЖД бөлімшелері өртті жойды. Арнайы көлік көмегімен желдетілмеген тұрақтан түтін шығару жүргізілді, тұрғындарды жоғарғы қабаттардан эвакуациялау өрт сатысының көмегімен жүргізілді. Өртсөндірушілер өртпен қатты ыстық, жоғары температура жағдайында күресті. Өрттің себебі анықталады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети