03 сәуір 2019 17:07

"Арман, тоқта". Атыраудағы жүргізушіге қандай шара қолданады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда салонында әйел мен екі бала отырған көліктің жол апатына ұшырау дерегіне қатысты іс қозғалды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Назымгүл Қайсағалиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда салонында әйел мен екі бала отырған көліктің жол апатына ұшырау дерегіне қатысты іс қозғалды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Назымгүл Қайсағалиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр. 

Автомобильді жүргізуші адамның абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы 160 АЕК (404 мың теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

Еске салайық, Атырауда мас жүргізуші жол апатына ұшырады, көлік салонында жүргізушінің балалары болған. Оқиға наурыздың 29-на қараған түні Атырау қаласында болды. 

"Toyota Hiace маркалы автокөліктің жүргізушісі Азаттық көшесімен кетіп бара жатқан. Бір бағытта онымен бірге Nissan Maxima қозғалған. Әуезов және Азаттық көшелерінің қиылысындағы айналма жолда Toyota Hilux жүргізушісі басқаруды игере алмай, Nissan Maxima автокөлігін соққан. Ары қарай көкөніс сататын павильонды қиратқан. 1986 жылғы жүргізуші көлікті мас күйде жүргізген. Сонымен қатар, көлікте оның жары мен екі баласы (2012 және 2015 жылғы) отырған. Балалардың бірі ауруханаға түсті, сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Медициналық қорытынды шыққанан кейін шара қолданылады", - деді Назымгүл Қайсағалиева. 

Видеода көлікте отырған әйелдің жүргізушіден тоқтауын сұрап, жолға қарауын өтінген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Атырау тұрғыны мас күйде көлік жүргізген. Көлік салонында оның екі баласы мен әйелі болған. Жүргізуші көлік жылдамдығын асыра бастаған, тіпті 94 шақырым/сағ дейін жеткен. Жүргізушінің жары мен балалары көлікті тоқтатуын өтінген. Алайда ер адам жылдамдықты одан сайын асыра түскен. Нәтижесінде Toyota Hiace жүргізушісі басқаруды игере алмай, Nissan Maxima автокөлігін соққан. Әрі қарай көкөніс сататын дүкенді қиратқан. Балалардың бірі ауруханаға түсті. Әзірге оның жағдайы белгісіз.

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети