Әріптестерін пышақтаған полицейдің әйелі одан полицияға берілуін сұрады

12 Тамыз 2017, 00:27
2
Әріптестерін пышақтаған полицейдің әйелі одан полицияға берілуін сұрады -

Жамбыл облыстық ІІД басшысы Мұрат Үмбетәлиевтің әйелі оны полицияға берілуін сұрады, - деп хабарлайды ec-sport.kz. Айта кетейік, Үмбетәлиев әріптестерін пышақтағаннан кейін қашып кеткен еді. Ол қазіргі уақытта іздеуде жүр. 

Жамбыл облыстық прокуратурасының өкілдері полицейдің әйелінің оған хабарласқанын айтты.

Еске салайық, қазіргі уақытта Жамбыл облыстық ІІД-нің Басқарма басшыларының және бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Мұның алдында ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Оқиға орнына барған ҚР ІІМ министрінің орынбасары М.Г. Демеуовтың басшылығымен тәртіптік комиссия шешіміне сәйкес Үмбетәлиев пен Бектұрғанов жұмыстан босатылғанын хабарлаған еді. 

Оқиға орнына барған ҚР ІІМ министрінің орынбасары М.Г. Демеуовтың басшылығымен тәртіптік комиссия шешіміне сәйкес Үмбетәлиев пен Бектұрғанов жұмыстан босатылды", - деді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. 

Ол сонымен қатар, ІІД кадр жұмысы және қызметі басшысының орынбасары жұмыстан босатылғанын, ал ІІД басшысының бірінші орынбасарына сөгіс жарияланғанын мәлімдеді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Еске салайық, желіде тараздық полицейлердің пышақтасқан сәті түсірілген видео пайда болды. Роликте үш ер адамның өзара жанжалдасқаны, кейін біреуінің қалған екеуге пышақ сермегені бейнеленген. 

Еске салайық, оқиға 2017 жылдың 10 тамызында таңғы 05:30-да "Арай-Плаза" мейрамханасының маңында болған. Кейін оқиғаның мән-жайын Жамбыл облысының прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаев айтып берген еді. Оның мәліметінше, бұл видеода Жамбыл облыстық ІІД-нің Басқарма басшылары М.И.Үмбетәлиев пен Е.О.Бектұрғанов және Байзақ аудандық ХҚКО бөлім басшысы М.Жетпісбаев бейнеленген. Үмбетәлиев Жетпісбаевқа пышақ салған, кейін Бектұрғановты да жарақаттаған. Жетпісбаев "диафрагманың сол жақта торокоабдеменалдық үшкір қарудан болған жарасы және бауырдың сол жақ бөлігі жарақаты" диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Ал Бектұрғанов ауруханаға жатудан бас тартқан. 

Бұл дерек Тараз қалалық ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Кейін облыстық прокуратура қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 1-пунктіне алмастырды. Осы қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті М.Үмбетәлиевтің қайда екені анықталмады, оны ұстау үшін шаралар жалғасып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай