11 тамыз 2017 17:15

Желіде тараздық полицейлердің пышақтасқан сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Желіде тараздық полицейлердің пышақтасқан сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде тараздық полицейлердің пышақтасқан сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликте үш ер адамның өзара жанжалдасқаны, кейін біреуінің қалған екеуге пышақ сермегені бейнеленген. 

Еске салайық, оқиға 2017 жылдың 10 тамызында таңғы 05:30-да "Арай-Плаза" мейрамханасының маңында болған. Кейін оқиғаның мән-жайын Жамбыл облысының прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаев айтып берген еді. Оның мәліметінше, бұл видеода Жамбыл облыстық ІІД-нің Басқарма басшылары М.И.Үмбетәлиев пен Е.О.Бектұрғанов және Байзақ аудандық ХҚКО бөлім басшысы М.Жетпісбаев бейнеленген. Үмбетәлиев Жетпісбаевқа пышақ салған, кейін Бектұрғановты да жарақаттаған. Жетпісбаев "диафрагманың сол жақта торокоабдеменалдық үшкір қарудан болған жарасы және бауырдың сол жақ бөлігі жарақаты" диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Ал Бектұрғанов ауруханаға жатудан бас тартқан. 

Бұл дерек Тараз қалалық ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Кейін облыстық прокуратура қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 1-пунктіне алмастырды. Осы қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті М.Үмбетәлиевтің қайда екені анықталмады, оны ұстау үшін шаралар жалғасып жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети