24 маусым 2019 13:41

Арыстағы жарылыс: Бөген су қоймасы ашылды деген мәлімет жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде тарап жақан видеодан скриншот Желіде тарап жақан видеодан скриншот

Арыс қаласындағы жарылысқа байланысты Бөген су қоймасында штаттан тыс әрекеттер іске асырылмайды. Бұл туралы Ордабасы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Арыс қаласындағы жарылысқа байланысты Бөген су қоймасында штаттан тыс әрекеттер іске асырылмайды. Бұл туралы Ордабасы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Арыс қаласындағы әскери қоймада болған төтенше жағдай бойынша Бөген су қоймасында ешқандай да штаттан тыс әрекеттер іске асырылмайды. Тұрғындарды әлеуметтік желілердегі қауесет сөздерге сенбеуге, сабырлылыққа шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан азаматтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеміз", - деді баспасөз қызметі. 

Естеріңізге салсақ, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. 

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсыған.

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети