Арыстағы жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев брифинг барысында Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан бір адам қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев брифинг барысында Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан бір адам қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны - 31. Оның екеуі ауыр халде жатыр. Бір адам қаза тапты. Снаряд оның көлігіне түскен", - деді облыс әкімі. 

Арыста орын алған апаттан 23 адам әртүрлі дене жарақаттармен Түркістан облысына қарасты ауруханаларға жеткізілгені хабарланды. 

Олардың басым бөлігі Облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Арыстағы жарылыс салдарынан үш адам ауыр жарақат алды

Осыған дейін, Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылғаны хабарланды.

"Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден аса науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын", - делінген хабарламада. 

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді

Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды. Мамандар да жедел жәрдем көліктері де облыс бойынша жеткілікті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro