Астаналықтар елорда аспанында ерекше құбылыс – Күннің қоралануын байқады. Tengrinews.kz тілшісі табиғаттың әсем құбылысын суретке түсіріп алды.
Елорда тұрғындары таңертең аспанда Күннің қоралануын – күннің айналасында шеңбер тәріздес жарық сәулеленуді көрді.
Бұл құбылыс Жер атмосферасындағы ұсақ мұз кристалдарында жарықтың шашырауынан пайда болады. Аспанда мұз кристалдарынан тұратын биік бұлттар болған жағдайда, күн галоcын көруге мүмкіндік туады.
Tengrinews.kz ©
Күннің қорлануы ауада қалқып тұра алатын ұсақ мұз кристалдары бар бұлттар болғанда пайда болады. Бұл кристалдар атмосфераның суық жоғары қабаттарындағы ылғал тамшылары мұзға айналған кезде түзіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!