14 қараша 2017 17:05

Астана тұрғыны қоқыс жәшігіне шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бейнебақылау камералары Астана полицейлеріне қоқыс жәшігін бүлдірген ер адамды ұстауға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бейнебақылау камералары Астана полицейлеріне қоқыс жәшігін бүлдірген ер адамды ұстауға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қарашада шамамен түнгі сағат үште Есенберлин көшесінің бойындағы "Жастар" театрының маңындағы қоқыс жәшігін бүлдірген ер адамның әрекетін бейнебақылау камерасында отырған инспектор байқаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер бұзақыны ұстап, "Сарыарқа" аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. 

"34 жастағы ер адам мас күйде бұзақылық оймен қоқыс жәшігін бүлдірген. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети