Астана тұрғыны көліктерге қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Астанада атышулы алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада атышулы алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 қарашадағы үкімі бойынша, Я. алаяқтықтың 5 эпизоды бойынша, яғни 2024 жылдың 16 наурызы мен 10 маусымы аралығындағы кезеңде кепілді автомобильдерді сатып алу және нарықтық бағадан төмен бағамен беру сылтауымен бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет ірі мөлшерде жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатты жымқырғаны (ҚК 190-бабы 3-бөлінің 1,4) тармақтары) үшін кінәлі деп танылған.

"Сотталған 3 жәбірленушіге келтірілген залал сомасы ірі мөлшерді құрмайды және арыздары сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) заңсыз тіркелген деп санап, үкімге апелляциялық тәртіппен шағым келтірген. Сондай-ақ жазаны жеңілдетуді сұрады.

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды", - делінген хабарламада.

Я.-ға қатысты қылмыстық істі бірінші сатыдағы сот қысқартылған тәртіппен қараған, себебі ол сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында да, сотта да өз кінәсін мойындаған. Іс бойынша дәлелдемелерге, сондай-ақ залал сомасына дау айтпаған.

"Оған осы іс жүргізу әрекетінің құқықтық салдары түсіндірілген. Бұл ретте оның құқықтарын бұзуға немесе нұқсан келтіруге жол берілмеген, сот ҚПК-нің 382-бабының талаптарын сақтаған. Тергеп-тексеру барысында ҚПК талаптарын бұзуға жол берілмеген, сот жәбірленушіге келтірілген залалдың сомасын өтеу жөнінде шаралар қабылдамағанын ескере отырып, әділ және іс-әрекетіне мөлшерлес жаза тағайындаған", - делінген хабарламада.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer