Астанада 18 жастағы жігіт үстіне бензин құйып, от қойған

20 Желтоқсан 2017, 09:05
0
Астанада 18 жастағы жігіт үстіне бензин құйып, от қойған -

Астанада Павлодардан келген жігіт өз-өзіне от қойған. Оқиға сейсенбі күні, 19 желтоқсанда кешкі уақытта болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова хабарлады.

"19 желтоқсанда сағат шамамен 17.00-де полицияға белгісіз біреудің "Ailand" Отбасылық орталық демалыс ғимаратының маңында үстіне бензин құйып, суицид жасағысы келгені жайлы хабар түсті. Ол ешқандай талап қоймады. Оқиға орнына дереу жеткен полиция жасағы мен жедел жәрдем қызметі өртті шұғыл сөндірді. Қазіргі уақытта жігіт қолы мен мойны күйіп, ауруханада жатыр. Осы оқиға бойынша тексеріс басталды. Себебі анықталып жатыр", - делінген ведомство есебінде. 

Полицейлер жәбірленушінің аты-жөнін анықтады. Ол Павлодардың 18 жастағы тұрғыны. Астанаға 16 желтоқсанда қонақ болып келіпті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай