13 ақпан 2016 11:56

Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен шыққан өрт сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

ТЖК мәліметінше, өрт сағат 10.44-те сөндіріліп бітті. Өртті сөндіруге құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жеке құрамынан 78 адам және 27 өрт сөндіру-құтқару техникасы, Астана ІІД жеке құрамынан 12 техника мен 24 адам жұмылдырылды.

Abu Dabi Plaza кешеніндегі корпустардың бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама бүгін сағат 04.40-та түскені белгілі. Он минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға болған жерге жетті. Жеке құрамнан 40 адам ғимарат ішіндегі өртті сөндірді. 120 адам эвакуацияланды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Сағат 8.25-те өрт толық ауыздықталған еді. Көтерілетін жолдардың болмауынан өртті ауыздықтау қиынға соқты. Болжам бойынша, өрт дизель отынымен жұмыс істейтін құрылғыдан шыққан. Қазір өрттің нақты себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, кешеннің құрылысы 2010 жылы басталып, 2016 жылдың соңына қарай аяқталады деп күтілген еді. "Әбу-Даби Плаза" құрылысы аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Орта Азиядағы ең биік ғимарат болады. Ғимараттың биіктігі 380 метр болады деп жоспарланған. Кешеннің жалпы аумағы 510 мың шаршы метр болады. Жоба құны - 1,6 миллиард доллар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети