16 қазан 2023 17:14

Астанада биіктен құлап кеткен тағы бір альпинист қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Астанада "Алтын бесік" тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп жатқан кезде биіктен құлап кеткен төрт альпинистің үшіншісі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде биіктен құлаған альпинистердің үшіншісі қаза тапты", - деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, 12 қазанда түсте Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап кеткен болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оқырмандар хабарлады. 24 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны атап өтілді. Кейін ауруханада тағы бір альпинистің қаза болғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети