02 шілде 2016 21:32

Астанада бір қыз 22-қабаттан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бір қыз 22-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерге сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 2 шілдеге қараған түні "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінде болған.


Астанада бір қыз 22-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерге сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 2 шілдеге қараған түні "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінде болған.

"Менің көлігім қыз құлап түскен маңда тұрған. Көлігімнің дабылы қосылды. Мен түскенше полиция қызметкерлері, жедел топтар, тергеу топтары, криминалистер келіп жетті. Көлік қоршауда тұрғанда күтуге мәжбүр болдым. Көлігім үйдің кіреберісінің алдында тұрған. Соған қарағанда қыз балконнан құлап түскен. Яғни саты мен лифттің арасында", - деді куәгер.

Ол мерт болған қыздың бұл үйде тұрмайтынын айтты. "Полиция қызметкерлері тұрғындардан сұрастырды, қыздың мұнда тұратынын ешкім растамады", - деді үйдің тұрғыны.

Кеше Қадыр түі болып, аулада көп адам болған, көбі көріпті. Әйелім тарс еткен дауыс естіпті, дабыл қосылып кетті", - деді ол.

Мәліметі бар дереккөздің айтуынша, көпқабатты үйден 1997 жылғы қыз құлап түскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети