-
Басты
-
Біл
-
Оқиға
-
Тосын жай
Астанада екі бірдей жолаушылар автобусы соқтығысты
04 ақпан 2014, 13:25
Жол көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы қыз зардап шекті.
-
Vkontakte
-
Facebook
-
Twitter
-
Одноклассники
-
Telegram
Новостью поделились: человек
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
©Ярослав Радловский
Астанада екі бірдей жолаушылар автобусы соқтығысуының салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол көлік оқиғасы 4-ақпан күні сағат 10:45 минут өткенде Қабанбай батыр - Керей және Жәнібек көшелерінің түйіскен жерінде болған. №50 және №10 жолаушылар автобусы соқтығысып қалған.
Жол көлік оқиғасынан №10 бағыттағы жолаушы қыз зардап шекті. Қазіргі таңда оған алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызылды. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан қыз бала қатты жарақат алған.
Жол көлік оқиғасы болған жерге Астана қалалық ІІД қызметкерлері келіп, оқиғаның нақты қалай болғанын анықтау үстінде.