03 ақпан 2015 10:01

Астанада екі жігіт кондуктор әйелді соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астана қаласында автобус кондукторын ұрып кеткен екі адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана қаласында автобус кондукторын ұрып кеткен екі адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі істер департаментіне жұмыс орнында оны белгісіз екі ер адам ұрып-соққаны туралы айтып бір әйел арызданған. Әйелдің айтуынша, мас күйіндегі екі адам автобус салонында оны балағаттап, соңынан соққыға жыққан.

"Бұзақыларды Астананың жол-патруль полициясы ұстады. Олардың Ақмола облысының 30 және 32 жастағы тұрғындары екені анықталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұсталғандардың екеуінің де бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандары белгілі болды. Қазіргі таңда бұзақылар Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына ("Бұзақылық") сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 2014 жылы тамызда кондуктор әйелді ұрған ақтөбеліктің бір жылға сотталғаны туралы хабарланған болатын. Бұл оқиға маусымның 16-сы күні 25-ші шағын автобуста болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Сотта Жапақов өз кінәсін мойындады.


 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети