1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада жоғалып кеткен Балдырған Сыбанбаеваның мәйіті табылды

Балдырған Сыбанбаева. © Vk.com Балдырған Сыбанбаева. © Vk.com

Астанада жоғалып кеткен Балдырған Сыбанбаеваның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"26 маусымда шамамен сағат 12.00-де Пригородный ауылының маңында із-түссіз жоғалып кеткен азаматша Сыбанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Тергеу шараларының барысында туыстары жәбірленушіні таныды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-ның "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесімен байланысты айтылмай отыр.

 
Балдырған Сыбанбаева. © Vk.com

Айта кетейік, биыл 19 маусымда Астана қалалық ІІБ кезекші бөліміне Астана қаласының тұрғыны хабарласқан болатын. Ол 18 маусымда шамамен сағат 03.00-де оның туысы Балдырған Сыбанбаеваның "Ретро" түнгі клубынан шығып, қайта оралмағанын хабарлаған еді.

Кейін келіншектің ағасы іздестіру жұмыстарына қатысты жаңа деректерді айтты.

ШҚО-да ұшақ өртенді