20 қараша 2017 08:56

Астанада сауда орталығының аумағында өрт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: facebook/Мұрат Астана Сурет: facebook/Мұрат Астана

19 қараша кешкісін Астанадағы "Жаннұр" сауда орталығының аумағында ірі өрт болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады. 


19 қараша кешкісін Астанадағы "Жаннұр" сауда орталығының аумағында ірі өрт болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады. 

Жедел әрекет қызметі өртті бірден сөндіргенімен, қою түтін көтерілді.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов деректі растады. 

"2017 жылдың 19 қарашасы сағат 22:00-де өрт сөндіру қызметінің пультіне Астана қаласының Алматы ауданындағы "Жаннұр" сауда орталығының аумағында жеке тұрған кафенің өртенгені хабарланды. Өртенген аумақ - 50 шаршы метр. Он өрт сөндіруші мен екі арнайы техниканың көмегімен сағат 23:05-те өртті ауыздықтап, 23:18-де толық өшірді", - деп нақтылады Иманқұлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети