Астанада тіркелмеген төрт намазхана анықталды

23 Мамыр 2017, 10:57
0
Астанада тіркелмеген төрт намазхана анықталды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Елорда аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қалалық ІІД экстремизммен күрес басқармасының қызметкерлері тіркеуі жоқ 4 намазхананы, экстремистік мазмұны бар материалдарды сақтау дерегін және заңсыз емдеумен айналысу дерегін анықтады.

Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, алдын алу шаралары барысында елорда аумағында уәкілетті органдарда заңсыз миссионерлік қызмет атқарып жүрген шетел азаматын анықталды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды Қазақстан Республикасы аумағынан депортациялау мәселесі сот тәртібінде қаралып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай