15 ақпан 2021 09:50

Атырау облысында 52 жастағы тұрғын темір кесетін аппаратпен бетін жарақаттап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Турар Казангапов Фото ©Турар Казангапов

Атырау облысы Қызылқоға ауданында 52 жастағы ер адам бетін темір кесетін аппаратпен ауыр жарақаттап алды, - деп хабарлайды Azh.kz.


Атырау облысы Қызылқоға ауданында 52 жастағы ер адам бетін темір кесетін аппаратпен ауыр жарақаттап алды, - деп хабарлайды Azh.kz.

Оқиға 2020 жылдың соңында болған. Аудандық ауруханада науқасқа шұғыл түрде алғашқы хирургиялық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем оны Атырау облыстық ауруханасына жеткізді. Онда оны жақ-бет хирургиясы бөлімі дәрігерлері тексеріп, компьютерлік томография жасап, ота жасады. Науқасқа оң жақ көз бұрышы, мұрын, үстіңгі ерін, ауыз, сол жақ иек, сол жақтағы альвеолярлық жақтың сынуы диагнозын қойды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, ота төрт сағатқа созылған. Кейін ер адам бір тәулік бойы ота жасаған дәрігер Жасұлан Шадияровтың бақылауында болды. Бір апта бақылаудан кейін науқас үйіне шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның бетінде, көз және ерін аумағында тыртық қалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети