22 қыркүйек 2020 10:52

Атыраулық жезөкшелер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

19-20 қыркүйек аралығында атыраулық полицейлер 17 жезөкшені анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


19-20 қыркүйек аралығында атыраулық полицейлер 17 жезөкшені анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, қыздардың көбі Қазақстанның басқа қалаларынан келген. Төрт жезөкшеде құжаттары болмағаны айтылады.

Атыраудың учаскелік полицейлері жеңіл жүрісті қыздардың Абай, Махамбет көшелеріндегі, "Авангард", "Алмагүл" және "Привокзальный" шағын аудандарындағы көпқабатты үйлердің пәтерлеріндегі клиенттерге "қызмет көрсеткенін" анықтады.

"Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы ("Қоғамдық орындарда тиісу"), 492-бабы ("Қазақстанда тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, жалға берген пәтер иелері де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы ("Жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа әдейі үй-жай беру") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети