03 желтоқсан 2019 11:09

Автобус апаты: Қаза тапқандардың кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ баспасөз қызметі © ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қызылорда облысында автобустың аударылуынан қаза тапқандардың кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар мұнай компаниясының жұмысшылары болған. 

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахманов хабарлады.

"Мұнай компаниясы Шымкент қаласында тіркелген, қаза тапқандар Құмкөлде жұмыс істеген. Автобус ведомствоға тиесілі, компанияныкі. Қазіргі уақытта 8 адамның қаза тапқаны және 21 адамның зардап шеккені белгілі", -деді Әбдірахманов.

Еске салайық, 50 жолаушысы бар автобус  3 желтоқсанда сағат 05.25-те Қызылорда-Құмкөл автожолында аударылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети