01 маусым 2016 06:38

Батыс Қазақстанда операция кезінде төбелескен дәрігерлер видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының Жаңғалы аудандық ауруханасында анестехиолог пен хирург төбелесіп қалған. Бақылау камерасына түсіп қалған видеоны Надежда редакциясына осы ауруханада операциялық столда қаза тапқан науқас Радислав Сабырғалиевтың анасы  алып келген.


Батыс Қазақстан облысының Жаңғалы аудандық ауруханасында анестехиолог пен хирург төбелесіп қалған. Бақылау камерасына түсіп қалған видеоны Надежда редакциясына осы ауруханада операциялық столда қаза тапқан науқас Радислав Сабырғалиевтың анасы  алып келген.

Оқиға 2015 жылдың желтоқсанында болыпты. "Екі дос аудан орталығының маңындағы жерге балық аулауға барады. ОЛ жақта "Еділ сор" көлінің маңындағы жеке территорияда белгісіздер 38 жастағы Радиславтың санынан мылтықпен атады. Досы оны аудандық ауруханаға жеткізген, кейін ол операциядан кейін қайтыс болған. Атқан адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал дәрігерлердің ешқайсысы жауапқа тартылмаған. Қаза тапқан адамның туыстары дәрігерлерді немқұрайлылық көрсетті деп айыптап отыр. Олардың айтуынша, Радислав хал үстінде жатқанда дәрігерлер бір-бірімен ерегесіп жүрген", - деп жазады басылым.

Енді әйел дәрігерлерді заңмен жазалауды сұрап отыр. "Дәл осы бас дәрігерді, орынбасарын, анестезиологты, сол күні кезекші болған дәрігер-наркологты. Олардың барлығы менің балама өз уақытында көмектің көрсетілмеуіне жауапты", - дейді марқұмның анасы Роза Иманғалиева.

Әйел ұсынған видеода төбелес 6:08 минуттан басталады. Кадрлардан бірінің екіншісіне қол көтеріп, кейін екіншісі оны салмақпен ұрып құлатқанын көруге боалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети