20 қараша 2016 22:16

"Байсат" базарында шатырдың құлаған видеосы Желіде пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

 Ғаламторда Алматының "Байсат" базарының шатыры құлап, сауда орталығын қар басып қалған видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оны бақылау камерасы түсіріп алған. Видеоның кадрларында шатырдың құлап жатқан сәтінде адамдардың қашып жатқанын көруге болады. 

Осыған дейін Алматы қаласының ТЖД мәлімдемесінде үш адамның зардап шеккені хабарлаған болатын. Құтқарушылардың мәліметінше, сауда сатуға арналған контейнерлерді жауып тұрған металдан жасалған шатырдың аумағы 720 шаршы метр болған. 103 қызметінің көмегіне екі адам жүгінген. Бірақ ТЖД-нің кезекші бөліміне ешкім хабарласпаған. Зардап шеккендер Алматы қаласының ауруханасына жеткізілді. 

Куәгерлердің мәліметінше, оқиға бүгін шамамен сағат 12.00 кезінде болған. "Ыдыс-аяқ сататын қатарда шатыр құлап, қар басып қалды", - деді куәгер. Оның айтуынша, төтенше жағдай жарияланған. "Қазіргі уақытта көрші базарлардың төбесіндегі қарды жедел түрде тазалап жатыр", - деді куәгер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети