Бестеректегі трагедия: комада жатқан қыз қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бестеректегі трагедия: комада жатқан қыз қайтыс болды

Тамызда Абай облысының Бестерек ауылында болған қайғылы жол апатынан кейін комада жатқан қыз көз жұмды. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бала шамамен бір ай комада жатқан.

"Қызды жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте өтті. Ата-анасының өтініші бойынша өзге ақпарат жарияланбайды", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне.

Оқиға қалай болған?

19 тамыз, сейсенбіде Бестерек ауылында Toyota автокөлігін тізгіндеген жүргізуші үйдің қақпасы маңында, жолдан 10 метр жерде тұрған балаларды қағып кеткен. Екі бала оқиға орнында, тағы бірі медициналық мекемеге барар жолда қаза тапты. Үш кәмелетке толмаған бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Үржар ауданы полиция бөлімінің мәліметінше, 55 жастағы жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сараптама кезінде оның мас болмағаны анықталды.

Қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети