27 наурыз 2023 13:33

"Бетіне оқ атқан". Алматыдағы базарда жолға таласқан жүргізушілер жанжал шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт видеоға түсіп қалған. Видео дәл осы сәттен басталады, содан кейін кадрларда Toyota Camry көлігінің зардап шеккен жүргізушісі көрсетілген. Осыдан кейін жәбірленуші қанға боялған бетін ұстап, көлігіне жүгіреді. Ал қару қолданған ер адам оқиға орнын кетіп қалады.

Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Tengrinews.kz редакциясы қалалық Полиция департаментіне жүгінді. Ведомствоның баспасөз қызметі күдікті ұсталғанын хабарлады.

"Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушілері арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі қарсыласына оқ атқан. Күдікті қамауға алынды. ИЖ маркалы газ тапаншасы тәркіленді. Басқа да мән-жай анықталып жатыр", - деді қаланың баспасөз қызметі өкілдері.

Зардап шегушінің жағдайын білу үшін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына да хабарластық. Олар жәбірленушінің медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

"103 пультіне ондай қоңырау түскен жоқ", - дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Нәбира Есенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети