1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

БҚО-да трактор аударылды: 8 жастағы қыз бен ер адам қаза тапты 29 тамыз 2021, 12:17

Батыс Қазақстан облысында тіркемесі бар трактор аударылды. Апат салдарынан қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды "Мой город".
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Батыс Қазақстан облысында тіркемесі бар трактор аударылды. Апат салдарынан қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды "Мой город".

Жол-көлік оқиғасы Бөкейорда ауданы Сайхин ауылында болған.

"Апат салдарынан 1994 жылы туған ер адам мен 2013 жылы туған қыз қаза тапты. Іс бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сәйкес соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қоңырау 26 тамызда 22.10 -да түскенін атап өтті.

"Тіркемесі бар трактор шұңқырға аударылған", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Статистикаға сәйкес, 2021 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қазақстанда 7,2 мың жол-көлік оқиғасы болған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,5 пайызға көп. Еліміздегі 10 жол-көлік оқиғасының үшеуі Алматыда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram