28 қыркүйек 2021 09:01

БҚО тұрғыны Барби қуыршағына ұқсау үшін екі қабырғасын алып тастады

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғыны Елена Рагузова белін жіңішкелету үшін ота жасатып, екі қабырғасын алдырып тастады. Сондай-ақ 22 жастағы тұрғын құлағының пішінін де өзгерткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғыны Елена Рагузова белін жіңішкелету үшін ота жасатып, екі қабырғасын алдырып тастады. Сондай-ақ 22 жастағы тұрғын құлағының пішінін де өзгерткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елена Рагузованың бойы 170 сантиметр, салмағы 40 келі. Операция жасағанға дейін оның белі 50 сантиметр болған. Ал ота жасатқаннан кейін белі 46 сантиметр болған.  

"Қабырғамды алдыру операциясын Алматыда жасаттым. Шамамен 1 миллион 200 мың теңге болды. Денемде екі жағынан кішкене жара қалды. Қайта қалыпқа келу үшін шамамен жарты жылдай қажет", - дейді Елена.  

Елена Рагузова әлеуметтік желідегі парақшаларын белсенді жүргізіп, өзінің өмірі мен дене бітіміне қатысты жоспары туралы бөлісіп отырады. Елена негатив пікірлерге мән бермеуге тырысатынын айтады.  

"Құлағымды эльфтің құлағындай жасаттым. Енді денеме барлық ақпарат қамтылған чип орнатқым келеді. Бәрін картасыз төлеуге болады. Одан бөлек, имплант салдырғым келеді", - дейді ол.

Бүгінде Елена әйел адамдарға арналған киімнің эскизін жасаумен айналысып, түрлі фотосессия мен жобаға қатысады. Дене бітіміндегі өзгерістерді 25 жасына дейін істемек. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети