Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.65
EUR / KZT - 397.66
CNY / KZT - 50.73
RUB / KZT - 5.74

Бірнеше кенші жағдайы нашарлап, жер бетіне шықты

13 Желтоқсан 2017, 10:53
2
© Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі
© Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

"АрселорМиталл Теміртау" шахтасында бірнеше кенші жағдайы нашарлап, жер бетіне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қорғау" көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы Марат Миргоязовтің айтуынша, кейбір шахтерлер әлсіреп, медициналық көмекке жүгініп жатыр. Айтуларынша, онда медициналық пунктер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. "Арасында әлсірегендер болды. Нақты қанша адам екенін айта алмаймын, әр шахтада әр түрлі сандар. Біреулер жоғарыға қарай көтеріліп, медициналық көмекке жүгініп жатыр. Әрине, олар осымен бірнеше күн жер бетіне шықпай отыр", - деді "Қорғау" көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы Марат Миргоязов.

Cондай-ақ, оның айтуынша, "АрселорМиталл Теміртау" компаниясы басшылығымен жүргізіліп жатқан келіссөздер әзірше шахтерлер үшін жақсы нәтиже берген жоқ. "Келіссөздер жалғасып жатыр. Әлі ортақ мәмілеге келген жоқпыз. Қазіргі уақытта қойылған талаптардың біріншісін - жалақыны өсіру туралы мәселені қарастырып жатырмыз. Қалған пунктілер онсыз да шешіледі. Кейбір мәселелер үкіметтегілерге жолданды. Қазір компания шахтерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруді ұсынып отыр", - деді Марат Миргоязов.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Шахтада тұтқындаулар болып жатқаны жайлы хабарламалар тарап жатыр. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Шахтада ешқандай тұтқындаулар мен қамаулар болған жоқ.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер облыс әкімі Ерлан Қошановтың жеке-жеке "Шахта", "Тентек", "Ленин" және "Қазақстан" шахталарына түскенін айтып өтті. Олардың мәліметінше, ұзаққа созылған келіссөздердің нәтижесі бойынша 150-ден аса шахтер жер бетіне шықты.

"12 желтоқсанда сағат 14.00-де Қарағандыға облыс әкімі Ерлан Қошановпен кездесу үшін "АрселорМиттал ТМД" бас директоры Парамжит Калон келді. Компаниялар қойған талаптар талқыланып, кездесу сағат 23.00-де аяқталды. Кездесуден кейін облыс әкімі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басинмен жер астында отырған шахтерлерге барды", - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сағат 00.30-да Ерлан Қошанов "Шахта" кеншілеріне қарай түсті. Екі сағат бойы жүргізілген келіссөздерден кейін 59 адам көтерілді. Ал "Тентек" шахтасында осындай келіссөзддерден кейін 76 адам жоғарыға көтерілді.

Ал таңғы сағат 3-те облыс әкімі "Тентек" шахтасындағы кеншілермен, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ директорларымен және бригадирлермен жиналыс өткізді.

"Шахтерлердің талаптары мен компанияның ұсыныстары талқыланды. Сағат 04.00-де әкім "Ленин" шахтасына келді. Шахтерлермен сөйлескен соң 19 адам көтерілді, Сағат 6-да әкім Қазақстан шахтасына барды. Келіссөздер әлі жүргізіліп жатыр", - деді әкімнің баспасөз қызметіндегілер.

13 желтоқсандағы таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша жер астынан 154 шахтер көтерілді.

Айта кетейік, осыған дейін 600-дей шахтердің жер астында қалып отырғаны хабарланған болатын.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірген еді. "Сол жаққа оқиға орнына барып, жағдайды қараймын. Сонда түсінікті болады. Сырттарынан бақылып жүремін, керек болып жатса сөйлесемін. Менің ойымша, негізі онда бас директор Калон немесе Миттал мырзаның өзі жүруі керек", - деген еді Тінікеев.

Еске салайық, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялап жатқан мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай